Вход

 

Сейчас 78 гостей онлайн

Пользователи : 3990
Статьи : 455
Просмотры материалов : 3269288

Горящие путевки и туры в Турцию и Эмираты

Знатные талгарцы 20-го века. Сыбанкулов Абильбай

Талғар қаласының құрметті азаматы
1909 жылы Шелек өңірінде көшпенді қазақ отбасында дүниеге келген Әбілбайдың еңбек жолы Кеңес дәуірінде басталып қалыптасты. Төртінші сыныптан соң комсомолға өтіп, ауылдағы белсенді жастың бірі болды. Көп ұзамай партияға да өтті. Бұл 1927 жылы болатын. Ол алғашында сауат ашу мектептерінде ұстаз болды. 1938 жылы комсомол ұйымының жұмысына араласты. Міне, сол күннен бастап, оның өмір ағысы басқаша арнаға түсті деуге болады. Жұмыс десе құлшынып тұрған жасқа сенім артқан ауылдастары оған Алматыға партия қызметкерлерін даярлайтын мектепке жолдама берді. Оны бітірген соң шелек , Қаскелең, Іле аудандық партия комитеттерінде басшы әрі жауапты қызметтер атқарды. Осы жұмыстардың қай-қайсынада жүрседе ол кісі өзінің іскерлігімен, ұймыдастырушылық қабілетімен көп сенімінен шықты.
Иә, жаңа ғасыр табалдырығын Әбекең өзі 90 жаспен, жұбайы Қайыпжамал 82 жаспен аяқ басып тұрғандықтан екеуін үлкен шаңырақтың қос бірдей бәйтерегі десек жарасымды болмақ. Сегіз баланы тәрбиелеп өсірген үлгілі ата-ана. Соның бесеуі жоғары, ал қалған үшеуі арнаулы орта білім алып, әртүрлі салада жұмыс істейді. Осы ұрпақтарынан 23 немере, 4 шөбере сүйіп отырған Әбілбай ақсақалға « Талғар қаласының құрметті азаматы» атағы берілген. Сонымен қатар кеудесіне жарқыраған жеті медаль сол көп жылдық адал еңбегінің жемісі дер едік.