Вход

 

Сейчас 118 гостей онлайн

Пользователи : 4613
Статьи : 476
Просмотры материалов : 5582312

«АЛАТАУ» ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІ» РМҚК-ҒЫ СЫБАЙЛАС ЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕР.

«АЛАТАУ» ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ СПОРТ ШЕБЕРЛІГІ МЕКТЕБІ» РМҚК-ҒЫ  СЫБАЙЛАС  ЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТЕР.

Сыбайлас жемқорлық, біздің мемлекетті ғана соққыға алып жатқан ауру емес, барлық мемлекеттер басынан өткізіп жатқан құбылыс. Сонымен қатар, қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында бұл мәселе ауқымы жаһандық, халықаралық деңгейді иеленіп отыр.   
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050»Стратегиясы: қалыптасқан мемлекететтің жаңа саяси бағыты» жолдауында, сыбайлас жемқорлық – бұл жай құқық бұзушылық емес, ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінететін және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер, - деп атап өтті.    
Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша жаңа шаралар әзірленіп, пайдалануда.  Барлық деңгейдегі депутаттардың, саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, бизнес-қоғамдастықтардың, жастар және кәсіптік ұйымдардың, ғылыми орталардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдардың  қатысуымен қоғамдық кеңестер құралды. Осы шаралардың барлығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді, бірақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр.
Ал жеке мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қалай жүргізілуде? Бұл мәселенің маңыздығын түсіне отыра, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» РМҚК ағымдағы жылдың басында «2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы» бұйрық шығарды. Оның негізі ретінде 2015 жылдың 18 қарашасындағы  №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы» Қазақстан Республикасының заңы болды.
Бекітілген жоспарды іске асыру барысында, мекемеде көптеген іс-шаралар өткізіліп отырады, соның ішінде «Қазақстан үкіметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбына семинарлар өткізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер мәселелері бойынша оқу-көрнекі құралдармен қызметкерлерді қамтамасыз ету, мекеме қызметкерлерін БАҚ материалдарымен (Қазақстандағы жемқорлыққа және онымен күресуге қатысты)таныстыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерді ұйымдастыру сұрақтары бойынша құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесулер өткізу, басқа ұйымдар өткізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы акцияларына белсенді қатысу және көмектесу, мемлекеттік сатып алу рәсімдері өткізілуінің ашықтығын арттыру және т.б.
Бұған қоса, мекеменің басшылығымен тұрақты түрде қызметкерлер еңбегінің оң көрсеткіштері үшін материалдық ынталандыру жүйесі әзірленеді. Көзге түскен қызметкерлер материалды мадақталады, бұл жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы көңіл күйге жағымды әсер етіп қана қоймай, материалды және әлеуметтік қорғалған азаматты заң бұзуына  бейімдемейді.  
Екінші жағынан, жемқорлықты жек көру бала күннен қалыптасуы керек, сондықтан «дөңгелек үстел» шараларында мекеме қызметкерінің отбасы мүшелерінің қатысуы құпталады.
Әрине, жемқорлық деген әлеуметтік жамандыққа қарсы күреске азаматтық қоғам институттары, ең бірінші кезекте азаматтық қоғамдық бірлестіктері ықпал ету керек. Олардың көмегі арқылы мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар жұмысының ашықтығына қол жеткізетін,жемқорлықты туындататын кемшіліктерін анықтайтын, сонымен қатар жемқорлықтың әрбір фактісін қоғамдыққа жариялайтын заңнамалық нормалар қарастырылып,  енгізіледі.
Заңдардың мәні сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою екенін түсіну маңызды.  
Сыбайлас жемқорлықты жою –халқымыз бен мемлекетіміздің іргелі құндылықтарын нығайту үшін басты шарт. Тек азаматтық қоғамдық  секторлармен, мемлекеттік органдармен, бизнес және ғылым өкілдерімен ынтымақтастықтың арқасында, біз бұл мәселені шеше аламыз және гүлденген Қазақстанды құруды қамтамассыз етеміз.  


Copyright © . All Rights Reserved.

уголовные дела
астильба картинки