Вход

 

Сейчас 296 гостей онлайн

Пользователи : 4613
Статьи : 476
Просмотры материалов : 5581938

Қайырымдылық жасау - азаматтық іс

Өздеріңіз білесіздер, біздің қазақ өте қайырымды, мейірімді, балажан халық. Сондықтан да қазақта ешқашан «Жетімдер үйі», «Қарттар уйі» деген ұғымдар болмаған. Ал қазіргі жағдайы-мыз қалай?
Ресми деректерге жүгінсек, бүгінде елімізде 29 мыңнан аса бала ата-ана қамқорлығынсыз өсіп жатыр екен. Осындайда «Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған, қайырымдылық жасау қанында бар ұлттың үрпағы емес пе едік. Тіпті, жарлылардың өзіне садақа, зекет беретін халықтың перзен-тіміз ғой» деген ойлар санамызды тырналап өтеді. Одан қалды, халқымыз өзі қиналып жатса да, басқа халықтарға көмек қолын созудан әсте тартынбаған.
Ғалымдардың айтулары бойынша, қазіргі танда әлемдегі ең адал, аса қайырымды халық — жапоңдар екен. Олар көшеден бір зат тауып алса немесе біреудің ұмытьш кеткен нәрсесін көрсе «Жоғалған заттар бюросьша» апарып тапсыратын көрінеді. Егер алты айға дейін заттың иесі табылмаса, онда ол заттар «Қайыфымдылық қорына» өткізіледі дейді.
Міне, біз де 2016 жылы тұрмысы нашар отбасыларға, мүгедек, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесу мақса-тында «Досбол» қайырымдылық қорын ашқан едік. Өйткені, мұқтаж адамдарға қолдау жасап, аз да болса көмегімізді көрсете алсақ, қордың ең басты жетістігі сол болар еді. Сондықтан да барлық жаны жомарт кәсіпкер азамат-тарды қорға аяғынан тік тұрып, қайырымды істер жасауға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Бүл ретте біздің байланыс телефонымыз 8-777-821-79-84 екенін естеріңізге саламыз!

Айбол БИТУҒАНОВ,
«Досбол» қайырымдылық корының басшысы


Copyright © . All Rights Reserved.

аренда недвижимости
катальпа ауреа