Вход

 

Сейчас 186 гостей онлайн

Пользователи : 4613
Статьи : 476
Просмотры материалов : 5582275

Жаңа жыл сәні болған көк Шырша!

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Міне, бүгін қылышын сүйретіп қыс келді,-демейді ме дана ата-ажелеріміз, қыс қамына жаз кірісіп, бар мал-жантығын, отын-суын үйге кіргізіп, барлық тіршілік иесі әуреге түседі, бірақ бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалап, бір өздерінің әуреге түскендерін байқамайда қалады. Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.
Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!
Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл мерекесі. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Сағат он екіні соғысымен от шашуларға қарап тұрып, ескі жылдың келмеске кеткенін түсінеміз. Ертегіге сенбесек те, жүрегіміздің түкпірінде Жаңа жылдан бір сиқырды күтіп, бақыт тілейтініміз бар-ды. Сол себептен де, мерекеге тыңғылықты дайындаламыз. Үлкен құлшыныспен сыйлық таңдаймыз, ең сүйікті тағамдарды әзірлеп, жақындарымызды қуантуға асығамыз. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды,бірақ осы мерекенің тойын тойлап, қызығын қызықтаймыз деп жүргенімізде, табиғатқа да бір зиянымыз тиіп қалмаса екен деген ой біріміздің ойымызға келсе, біріміздің ойымыз түгілі түсімізге де кіріп шықпастан табиғаттың сәнін келтіріп тұрған, ақ қармен астасып тұрған жасыл шыршаларымызды бір күндік мерекеге бола, Жаңа жылдың сәнін келтіреміз деп табиғаттың сәнін кетіріп, балаларымызға қуаныш сыйлау үшін, жасыл ағаштарымызды заңсыз кесетін жағдайларда болады. Сол себепті еліміздің, жеріміздің көркі-табиғаттың берген сыйы - Жасыл шыршаларымызды кеспей, базарларда неше түрленіп тұрған шыршаларды пайдаланып, табиғатқа өз үлесімізді қоссақ нұр үстіне нұр болып, табиғатымыз көркейіп, Жаңа жыл кештерінде табиғат аясында серуенге шығып, осы табиғи өсіп тұрған ағаштарымызды кесусіз-ақ тамашалап, оның иісімен таза ауа жұтуды ұсынар едім.
Жаңа жылда әркім өзінше тілек тілеп жатса, менің тілегім ол, табиғаттың сыйы, өзіміз өмір сүріп жатқан ортаның сәні-Жасыл шыршаларымыз түбінен кесілмей, өз көркімен табиғатымызға сән беріп, еліміз гүлденіп тұрса одан артық не мәселе керек?! Осы мақала туралы кішкене ой жүгіртіп, саналы болашағымызға берер табиғатымызды аялап отырсақ одан басқа арман не?! Сөз соңында айтарым, Жаңа жыл мерекесі барлық Қазақстандықтарға тек қана қуаныш пен бақыт, табиғатымызға сұлулық беріп тұрған жасыл ағаштарымыз әрдайым өсіп-өніп, болашағымызға дари берсін, еліміздің туы әрқашан биікте желбірей берсін Қазақстан азаматтары!!!

Іле-Алатау МҰТП,Талғар филиалы
эколог-ағартушыШалғынбаева А.М.


Copyright © . All Rights Reserved.

раздел имущества
магнолия блэк бьюти