Вход

 

Сейчас 176 гостей онлайн

Пользователи : 4613
Статьи : 476
Просмотры материалов : 5583329

Құстар біздің досымыз!

Халықаралық құстар күні 1906 жылы Құстарды қорғау бойынша конвецияның бекітілуінен кейін атап өтіле бастады.
Оның негізгі ережелері ұя салу және мекенді ауыстыру кезінде құстардың барлық түрлерін қорғауға, жойылып кету алдында тұрған құстар түрлерін ұдайы қорғауға; аң аулаудың белгілі бір түрлеріне тыйым салуға немесе шектеу қоюға; құстарды көбейту үшін қорықтарды құруға және экологиялық білім беруге бағытталған.
Құстар – табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, ез жігітін жапалаққа теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіртіп, сұңқарды қолына қондырған. Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған.
Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әсем құстармен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу керек.
Ең бірінші жылы лебіз сөз ІА МҰТП Талғар филиалының директоры Ш.А.Дәуренбаев мырзаға берілді. Осы іс-шараға ат салысқан Талғар филиалының ОҚМЛО инженері Нурахметов Е.С., туризм инженері Нурпеисов Д.Д., ОӨБ инженері Нурышев Б., біздің орталықтан келген қонағымыз эколог ағартушы Кукенова А. және де Ю.Гагарин атындағы № 8 гимназияның мектеп орманшылығы «Росток» және оның жетекшісі Декольчук З.М. Оқушылардың өзіндік жұмыстары тамаша болды.  Ю.Гагарин атындағы № 8 гимназия оқушыларының жұмыстары.  Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші мектеп оқушылры жарады дегім келеді.
Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз. Міне, көктем жыршысы құстар келе бастады.
Біздің халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен деп – мектеп орманшылығы «Росток» жетекшісі Декольчук З.М. Маралсай ущельесіне шықтық. «Құстар біздің досымыз» деп жылы жақтан ұшып келетің құстарға ұяларын ілуге ат салысуға Талғар филиалының инспекторлары ат салысты.

Эколог ағартушы Шалгынбаева А.М.



Copyright © . All Rights Reserved.

гражданские дела
ясень в ландшафтном дизайне