Вход

 

Сейчас 137 гостей онлайн

Пользователи : 4612
Статьи : 476
Просмотры материалов : 5581110

Талғар қаласының әкімі Ж.Ауелбаевтің 2018 жылғы халық алдындағы есепті тезисі

Бүгінгі күні Талғар қаласының халық саны 50400-ден астам адам,   соның ішінде 7750зейнеткерлер және 10 адам ҰОС ардагерлері. Қаланың жалпы  аумағы 1808 га, көшелердің  ұзындығы – 147,8 км.  Жеке секторда -13000 аула және 163 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Талғар қаласы 29 кварталға бөлініп, көппәтерлі тұрғын үйлерде 30 пәтер иелерінің кооперативі құрылған.
Қазіргі таңда  «Талғар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де штаттық кестеге сай жұмыс істейтіндер саны –  11 адам.
ҚР «Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Талғар қаласы әкімі аппаратының жанында 27 адамнан тұратын жұмысшы тобы бар,  223 адамнан құрылған қоғамдық кеңес жұмыс атқарады.  
Бюджет
Бюджеттік сұраным бойынша 2018  жылы  «Талғар қаласы әкімі аппараты» ММ-не жалпы көлемде  27 млн.116мың теңге бөлінген,    қаланы көгалдандыру мен аббаттандыруға   41 млн 506мың  теңге қарастырылды. №9 мектебіне, оқу 1 млн.358 мыңтенге бөлініп, МТФ ауылынан оқушыларды мектепке дейін және кері қарай тасымалдау жүргізілуде. Тасымалдауды «Тұлпар экспресс»  ЖШС атқаруда.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Жарлығына сай бірқатар жұмыстар атқарылуда. 2018 жылдың басынан  жалпы бөлімге түскен өтініштер саны - 801 жалпы құжат айналымы   – 4683 құжатты құрады. Азаматтардан келіп түсетін хаттар, өтініштер, арыздар бағытындағы жұмыстар Заңға сәйкес бекітілген уақытта «Айқын» бағдарламасы арқылы жүргізіледі. Әр ай сайын 1 - ОЛ есебі электронды түрде аудандық жалпы бөлімге уақытында тапсырылып отырылады.  Азаматтардан келіп түскен өтініштер, шағым және ұсыныстардың көбісі әлеуметтік қорғау, жер мәселесі, ауыз-су, жарықтандыру, жеке және көппәтерлі үйлерге газ қосу, қаланы көркейту, жолдарды жөндеу жұмыстары, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және тағы басқа мәселелерді қамтиды. Көбінесе мәселелердің басым бөлігі әкім және орынбасарлардың жеке қабылдауында, кездесулерінде шешіліп, зерттеуді қажет ететіндері бақылауға қойылады. Қала әкімінің азаматтарды жеке қабылдауы әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 14-00 жүргізіледі.

Білім саласы
Талғар қаласында жалпы білім беретін - 10 мектеп жұмыс істейді. Онда – 893 ұстаз жұмыс атқарып, 2018-2019 оқу жылында   9658 оқушы білім алуда. Оқу жылында әлеуметтік жағдайы төмен отбасы, жетім, жартылай жетім балаларды күніне тегін тамақтандырумен жалпы  1667 оқушы қамтамасыз етілген.  
Талғар қаласындағы 7 колледжде -346 ұстаз дәріс беріп,  4239 студент әр түрлі мамандық бойынша білім алуда, №1 лицей,  5 мемлекеттік, 30 жекеменшік  бала – бақша жұмыс істеуде.  Қала аумағында 3 балалар үйі бар, олар «Нұр», «Ақниет»,  «Ковчег». «Мектепке жол» бағдарламасы аясында   жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардағы мектеп жасындағы балаларды мектепке қажетті құралдар мен киім-кешекпен қамтамасыз етіліп,   16 балаға киім-кешек, оқу құралдары табыс етілді.  
Бүгінгі таңда Талғар қаласының оңтүстік-шығыс аумағынан көлемі 3 га жер учаскесін жаңа мектеп құрылысына бөлу жұмыстары жүргізілуде.

Денсаулық саласы
Талғар қаласында орналасқан  235 төсектік аудандық орталық аурухана жұмыс істейді. Медицина мекемелері қала бойынша 372085 адамға қызмет көрсетеді, Олардың ішінде үлкендер 247594 адам, балалар мен жасөспірімдер 124491 адам. Тұрғындарға  «Жедел жәрдем» станциясы қызмет көрсетеді.1 ересектер және 1 балалар  поликлиникасы, клинико-диагностикалық лаборатория, физиотерапия бөлімі жұмыс атқарады.  
Әлеуметтік сала
2018 жылдың басынан аудандық жұмысқа қамту орталығына қала тұрғындарынан 1238жұмысқа орналастыру туралы өтініштері түсіп, оның 712 -сы жұмысқа орналастырылды.  Қоғамдық жұмыстарға - 373 адам тартылды. Кәсіптік оқуға 42 адам қатысып, 38 жұмысқа орналасты. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша берілетін микрокредит 11адамға беріліп, 11 адам өз ісін ашты.   Жастар практикасы бойынша 41 адам тартылды. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы 52–  отбасына 193 адамға  төленуде. Оған бюджеттен  8 млн. 806мың теңге қаржы бөлінді. Тұрғын үйді пайдалануға бөлінетін жәрдем ақы сомасы 14 млн 407мың теңгені құрап, 305  отбасына көмек көрсетілді.  
Жалпы қала бойынша 1716 мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Үйінде білім алатын мүгедек балалар саны - 37 бала, олардың білім алуына  бюджеттен 700 000 тенге бөлініп отыр. Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарында 2 жетім бала тегін оқытылуда.  Қамқорсыз қалған жетім балалар саны – 63 Санаторлы курорттық сауықтыру орындарына 131 адам жіберілді.          

Инфрақұрылым
2018  жылы қаланың көгалдандыру мен аббаттандыру жұмысын «Талғар соқырлар қоғамы» ЖШС атқарды. Аталған мекеме қарасай батыр, Қонаев/Абай, Павлов/Малькеев көшелерінің қиылысындағы және аудандық әкімдік жанындағы гүлзарларға гүл егіп, күтумен айналысты. Гулзарларға барлығы 2000 дана гүл егілді. Лермонтов, Павлов, Қарасай батыр, Қонаев көшелеріне 1163 жас ағаштар  отырғызылды. Қаланың орталық көшелеріне 20 қоқыс жәшігі орнатылды сонымен қатар қаламыздың көппәтерлі үй және адам шоғырланатын орындардағы  300  күл қоқыс контейнерлары жаңартылды.
Қаланың тазалығын сақтау «Марат» ӨК мекемесі арқылы жүзеге асырылды. «Марат» өндірістік кооперативінде 19 техника  қамтылған.   камаз-5, мусоровоз, трактора-1, Газ-53 асенизатор – 1, Газ 53-6, Зил -131- 5, ЗиЛ-1.
Аббаттандыру бойынша  «Автобаза» аумағындағы Қарасай батыр, Светлов, Чайковский көшелеріндегі көпқабатты үйлердің12 қоқыс алаңы ретке келтірілді. Қаладағы  2018 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында «Марат» ӨК мекемесінің күшімен қаладан қаңтар-қараша айы аралығында 9100 м.куб қоқыс тасымалданып шығарылды.  
Бүгінгі күні  ауыз суды тасымалдап, оған қызмет көрсетумен айналысушы МКК «Су құбыры». Талғар қаласы тұрғындарына тұрақты 113 км су желілері, 18 км канализация коллекторы қызмет көрсетеді.  
Орталық автобекет аумағында, жолды кеңейту мақсатында, жаяу жүргіншілер жолы мен жол жиектері   асфальтталып аббаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Қаланы жарықтандыру жұмыстарына бюджеттен 13 млн. тенге бөлініп, 347 жарықтандыру діңгектері және электр төлемдері бойынша қызмет көрсету жұмыстары жүргізілді, қосымша Бокин көшесінен №7 мектепке баратын жолға 12 баған және Абай көшесінің жоғарғы жағына 15 баған орнатылды.
Қаладағы газ мәселесімен «Казтрансгаз» АҚ басшылығымен жеке кәсіпорындар айналысуда. Бүгінгі таңда қала аумағында әлеуметтік, кәсіпкерлік нысандар мен жеке секторды  газ құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде. Талғар қаласы бойынша «Мелиоратор» ықшам ауданында 17 көпқабатты тұрғын үйді  4 ,«Бозторғай» ықшам ауданы 6 көпқабатты тұрғын үйге жылумен қамтамассыз ету үшін - 2 от қазандықтары салынып пайдалануға берілді.
Талғар қаласының жолдарына I-IV тоқсан бойынша қысқы мерзімде жолдарға қызмет көрсету жұмыстарына 16 млн.735 мын тг. бөлінген, бөлінген қаражатқа электронды конкурс жарияланып ЖК «Данияр» ұтып алды.
Ер Ажибай, Карагандинская қиылысы, Делегатская, Алатау, Западная, Муратбаева, Суюнбая, Айвазовский, Гагарина, Шаумяна (Ахметова)көшелеріне орташа жөндеу және   абаттандыру  жұмыстары аяқталды.            
Қаланың 28 көше жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжат даярлануда. Жобалық іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
Қарасай батыр, Гагарин, Бекбаева-Крутенко, Глинки, Делегатская, Мұратбаев, Алтынсарин, С.Асфандияров, «Жаңа» ықшам ауданындағы көшелеріне ағымды жөндеу (ой-шұңқырларын тегістеу) жұмыстарын жүргізуге 10,1 млн.тг. қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстарын «Сантехмонтаж СМР» ЖШС ұтып алып, жөндеу жұмыстары аяқталды.

Кәсіпкерлік
Талғар қаласында халық көп шоғырланатын және халыққа қызмет көрсетіп отырған 12 мейрамхана, 13 ірі сауда орталықтары,  7 әр салалы базарлар бар.   
Қаланың ірі өндірістік кәсіпорындары «Талгарспирт» АҚ, «Зета» ЖШС, «Текстилайн», «GLASMAN», «Барон», «Интелсервис», «Талғар кирпич заводы» ЖШС, «Керуен плюс».

Дін мәселесі
Діни бірлестіктермен жұмыс Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылдың 11 қазандағы Заңына сәйкес және ҚР діни экстремизм  мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жж. арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүргізілуде.Жалпы тіркеу нәтижесі бойынша Талғар 13 діни бірлестік жұмыс атқаруда, оның ішінде - 3 мешіт, 2 православ шіркеуі,  12 протестант және 1 католик шіркеуі бар.

Құқық қорғау
Жергілікті полиция қызметі бойынша Талғар қаласында қоғамдық тәртіпті қадағалау бойынша 15 учаскелік полиция инспекторы бекітілген. Талғар қаласы бойынша  3 - полиция пункті жұмыс істейді. Қаланың білім орындарында 5  полиция инспекторлары жұмыс атқарады. Қала бойынша ювеналдық полиция тіркеуінде 16  жағдайы төмен отбасы тіркелген.  
Талғар қаласы әкімі аппараты жергілікті полиция қызметімен бірге қала аумағында құқықбұзушылық бойынша іс-шараларды бақылауға алып, жұмыс атқаруда.

Талғар қаласының әкімі Ж.Ауелбаев


Copyright © . All Rights Reserved.

споры с Департаментом недвижимости Москвы
обрезка фруктовых деревьев осенью