Вход

 

Сейчас 136 гостей онлайн

Пользователи : 4613
Статьи : 476
Просмотры материалов : 5582309

Табиғат байлығымызды өрттен қорғайық !

Көктем айлары басталысымен қар еріп күн жылынғаннан бастап орманды, ауылдық, шабындық жерлерде  өрттер басталатыны белгілі.
Іле - Алатау МҰТП Талғар филиалы Алматы облысының Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан. Талғар филиалында Көк-бастау, Талғар, Қотырбұлақ орманшылықтары бар.  Жалпы жер аумағы 26 652  га оның ішінде 13 141 га орманды алқапқа жатады.
Іле – Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Талғар филиалында 2019 жылдың 20 ақпанмен 20 наурыз аралығында өрт маусымына  дайындық айлығы басталады. Өрт маусымына дайындық айлығының мақсаты ұлттық парктің орман қорғау қызметінің инспекторларын өрт маусымына дайындау, өртті болдырмаудың алдын алу шараларын күшейту, өрт сөндіру құрал саймандарын,  өрт сөндіру техникаларын дайындыққа келтіру, жедел іс-шараларды іске асыру мақсатында жоспар жасау.
Сонымен қатар аудандардың төтенше жағдайлар басқармаларымен келісіліп жасалатын өрт сөндірудің жедел жоспарлары, ұлттық парк аумағында және іргелес орналасқан мекемелермен өзара бірлескен өрт сөндіру іс-қимыл жоспарларын дайындау.
Жоғарыда аталған бұйрықтардағы тармақтар бойынша көрсетілген іс-шаралар толық қанды атқарылуда.
Қазақстан Республикасы ормандарындағы өрт қауіпсіздігі ержелеріне сәйкес филиалда Алматы мемлекеттік табиғи қорығы мен Талғар ауданының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімімен 2019 жылы ормандағы өрттерді сөндіру жөніндегі жедел іс - шаралар жоспары келісіледі. Филиал аумағындағы ішкі және сыртқы шекаралас жер пайдаланушылармен демалыс үйлерінде  ормандағы өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау жөнінде ұйғарымдар таратылды. Талғар филиалында төтенше жағдай тобымен бірге ерікті өрт сөндіру командалары ұйымдастырылып, қажетті құралдармен жабдықталды. Инженерлік техникалық қызметкерлерден тәулік бойына кезекшілік ұйымдастырылған.
Мемлекеттік инспекторлар және жедел топ мүшелері үгіт - насихат жүргізіп, демалыс орындарында демалушылардың отты арнайы белгіленген жерде жағуға, жаққан оттарына су құйып өшіріп кетулерін қадағалайды. Орманды тілсіз жаудан қорғау тек қана орман инспекторларының ғана емес, баршамыздың ортақ міндетіміз. Табиғат аясында демалушыларды отты арнайы орындардан тыс жерде жақпауға, күл - қоқыстармен ластамауға және табиғатты аялап қорғауға шақырамыз.
Табиғат байлығымызды қорғап, келер ұрпаққа сақтап, аманат ету бәріміздің борышымыз. Табиғатты аялайық, өрттен қорғайық!

ІА МҰТП,Талғар филиалының орман өрт сөндіру станциасының басшысы.  Б.Р.Ражанов.


Copyright © . All Rights Reserved.

услуги адвоката
можжевельник бонсай