Вход

 

Сейчас 84 гостей онлайн

Пользователи : 4612
Статьи : 476
Просмотры материалов : 5581843

Знатные талгарцы 20-го века. Нұртазин Ө.Н.

Нұртазин Өтелбай ,1917 жылы 7 қарашада  туған.10 жасынан әке-шешесі,жақындары болмағандықтан балалар үйінде тәрбиеленді.1935 жылы Рабфакты аяқтап, Қазақ Мемлекеттік  университетінің физика-математика факультетін бітірген.1940 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Алматы облысы,Андреев ауданында орта мектепте математика пәнінен дәріс берді.Мектепте математика пәнінен жалғыз мұғалім болғандықтан 1943 жылға дейін армияға шақырылмады.
Жау Сталинградқа жақындағанда Қызыл Армия қатарына қабылданды.Ол кезде Калинин облысында байланыс ротасы құрылған,бір айдан кейін Калинин және Ұлы Луки алғашқы айқасы басталды,одан кейінБелоруссия,Прибалтика бөлімдерінде,және Польша Шығыс Пруссиядағы майдандарда болды.1945 жылы III топтағымүгедек болып,ауруханадан шықты.
Осы уақыттан бастап №2 мектептеөз мамандығыбойынша пән мұғалімі,оқу ісінің меңгерушісі,директор,аудандық оқу бөлімінің басшы қызметін атқарды.
1977 жылдан зейнеткер.4 баладан 7 немересі бар.Пионер,комсомол және Коммунистік партияның тәрбиесін алған,1943 жылдан бастап КПСС мүшесі.
Ұлы Отан соғысы жылдарында «Үздік байланысшы», «Ерлігі үшін медаль», «Ұлы Отан соғысыныңI дәрежелі» орденімен,1941-45 жылдары  «Еңбектегі ерлігі»,  «Жоғарғы басқарушылар» медалімен марапатталды.
Соғыстан кейін педагогикалық жемісті еңбегі үшін «Еңбектегі ерекшелігі»,Қаз ССР-ның білім үздігі»,Республикаға еңбек сіңірген үшін Қазақстан жоғарғы Советінің  «Қаз  ССР-на еңбегі сіңген мұғалім»атағын алып,ондағы аудандық,облыстық, кәсіп одақ ұйымының мақтау қағаздарымен,медальдарымен марапатталды.
Қазақстан мұғалімдерінің барлық съездерінің делегаты.Нұртазин Өтелбайдың кәзіргі кезде суреті аудан,облыс және Министірлігінің құрмет тақтасында.


Copyright © . All Rights Reserved.

юридическая помощь
каскад ландшафтный дизайн