Вход

 

Сейчас 79 гостей онлайн

Пользователи : 4612
Статьи : 476
Просмотры материалов : 5581861

«Заңды тұлғаларды тіркеу бойынша заңдарға енгізілдген өзгерістер туралы»

Қазақстан  тәуелсіздік алғаннан бері  заңды тұлғалар  институтының  маңызы  кәсіпкерлік ісінің  интернационалдануы  және инфрақұрылымының дамуына байланысты және жаңа ақпараттық технологиялардың  пайда болуына байланысты   тұрақты  өсіп жатыр.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу бойынша  заңнамалардың жетілдіруі  соңғы жылдары  тіркеу тәртібі мен жағдайын жеңілдетуде өз үлесін қосты.
2010 жылдан бастап электрондық қызмет алу  белсенді дамуда, енді  бизнесті  «электронды үкімет» порталы  арқылы ашуға болады.
2013 жылдың басынан заңнамалық деңгейде бизнесті тіркеу кезінде  жарғыны, мекен жайын растайтын, салық берешегінің жоқтығы туралы  қағаз жүзіндегі  құжаттарды ұсыну  қажеттілігі алынып тасталды.  
2015 жылдан  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін оларды мемлекеттік тіркеу және қызметін тоқтатуды тіркеу кезінде тіркеу алымының болуының күші жойылды.
Тіркеу кезінде шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін  жарғылық капиталының 100 теңге болуы талап етілмейді, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін «электронды үкімет» «egov» веб-порталында тіркеу мерізімін өтінішті берген кезден бастап жұмыс қүнінің 1 сағатқа қысқартылды, (бұрын мерзімі 1 жұмыс күні болатын).  
2018 жылдың 24 мамырында, іскерлік операциялардың шығындарын азайту және реформаларды жалғастыру үшін, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру туралы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.
Бұл Заңмен, Кәсіпкерлік Кодексінің 10 бабы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атаулары бар мөрлері болуы мүмкіндігіне сәйкес, 3-1 тармағымен толықтырылды.
Мемлекеттік органдарға және қаржы ұйымдарына, жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғалардың құжаттарында мөрді талап етуге тыйым салынған.
Азаматтық Кодекстің 6 бабына сәйкес, азаматтық заң қалыптары оларда айтылған сөздердiң дәлме-дәл мәнiне сәйкес түсiнiлуге тиiс.
Осыған байланысты, мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің жеке кәсіпкерлік субъектілерімен ұсынылатын құжаттарда мөр баспасынның болуын талап етуге құқығы жоқ.
Бұл шара, компанияны тіркеу рәсімін бір күнге азайтады және кәсіпкерлерге 5000-10000 тенге үнемдейді,  бұл елдің осы рейтингтегі позициясына оң әсер етеді деп күтілуде.

Талғар аудандық әділет басқармасы


Copyright © . All Rights Reserved.

юридическая помощь
сосна пумилио