Вход

 

Сейчас 37 гостей онлайн

Пользователи : 4612
Статьи : 476
Просмотры материалов : 5580569

Бақытты отбасы!

Отан үшін отқа түс, күймейсін! деген салиқалы сөз, Тұрдахыновтар отбасына айтылған десем жаңылмаспын. 1975жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында қарапайым отбасында дүниеге келген әділет прапорщигі Тұрдахынов Дәнеш Ахметқалиұлы 1990 жылы мектеп қабырғасын тәмамдап сол жылы Талғар қаласы кәсіби техникалық училищесінің студенті атанады. Бала кезінен отан үшін отқа түс күймейсің деген нақыл сөзді сіңіріп өскен,1994 жылы әскер қатарына аттанады.1995 жылы Отан алдындағы борышын өтеп келген соң, аңсаған арманын іске асырып Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты  Күзет бөліміне қызметке орналасады.Сол жылдан бастап арман қуалап келген,ой десе ойы бар,тепсе темір үзетін жас жігіт өзін ұжымның арасында тек жақсы жағынан көрсете білген.Өз қатарластарына қарағанда, биік шыңдарды бағындыра білген Дәнеш  2005жылы Павлодар қаласындағы ҚР Әділет министірлігі Қылмыстық атқару жүйесі  заң колледжін тәмамдап білімін тереңдетеді. Сол жылдары күзет бөлімінде өзі сияқты арман қуалап жүрген ажары ашық, көңілі жарқын,көздері шуақ шашқан күзет бөлімінің  бақылаушысы Самал Ермекқызымен  танысып отау құрады. Қазіргі таңда керегесі кең босағасы берік  ақ отаудың иелері,бір ұл  бір қыздың ата анасы Күзет бөлімінің аға бақылушылары,жас қызметкерлердің тәлімгерлері.Міне осындай көрсе көзің тоймас,Отан үшін отқа түсетін Қазақ елінің азаматтарына тіл көзден сақтасын дей отырып, отбасыларына береке байлық қызметтері алға басып, бейнеттерінің зейнетін көрсін дегім келеді.Бұл қызметте талмай еңбек етіп, талай белестен өтіп,биік-биік шыңдарды бағындырып,Құрметті демалыс деген кезеңге жетіңіздер! Ұл қыздарыңыздың жеңісті шақтарын көріп,шаттықтың бақытты сәттеріне бөленген әдемі ғұмыр кешіңіздер!

әділет аға лейтенанты    А.Төлтаев


Copyright © . All Rights Reserved.

гражданские дела
декоративные камни для сада алматы